Выбрать главу

Сырттай әдемі дүние

Сізге әдемі қаптама (әр заттың сыртқы формасы) ұнайды ма? Біздің көпшілігімізге ұнайды. Мен сапар барысында, үлкен дүкенге барған кезде, әдемі қаптама туралы қызықты ой алдым. Мен өзіме керек тауарларды қарап жүргенмін, ал көрші сөреде бір ханым арнайы модный сабын іздеп жүр екен. Бұл мен әдеттегі пайдалану үшін сатып алатын сабын емес еді. Сабын мөлдір қағазға оралған, картон қорапқа салынған, жай емес жылтыр және тығыз бекітілген мөлдір қағазға оралған. Бұл кішкентай сабын қораптары үлкен картонға салынып, әдемі боялған мөлдір пленкамен жабылған. Мұның бәрін жасанды фиалка букетімен кішкентай қағаз лентасы ұстап тұрды. Үш дана сабынға арналған әсерлі пакет, сонда маған ой келді, оның мақсаты сіздің сыртыңызды таза ету ғана ғой. Содан кейін мен сатушының сатып алушыға сыпайы күлімсіреп, оған сұрақ қойғанын естіген кезде, бұл мені қатты сілкіндірді, мен қатты толқуды бастан өткердім. Ол: «Сатып алған заттарыңызды (бар-жоғы модный үш сабын) сыйлық сияқты әдемі қағазға орап берейін бе?» деді. Мен естігеніме сене алмадым. Шынымды айтайын, басында оны одан әрі қалай әдемілеуге болады деп сенбедім, басым жетпеді, бірақ сосын көзім жетті, ол дүкеннен не сатып алсаңыз да олар оны әдемі қаптамаға орап ауыздан су ағатын шедевр жасап береді екен.

Біздің өмірде де мұндай жағдайлар көп емес пе? Мысалы сабын, толығымен нормальный, пайдалы сабын, бірақ бірнеше рет әдемі оралған, сондықтан біз оның бастапқы мақсаты туралы түсініктен айырыла бастаймыз. Бұл қаптаманың бастапқы мақсаты – адамды жуынуға, киімді жууға болатын сабынмен қамтамасыз ету. Алайда, сабын бірнеше рет оралып, одан кейін тағы қайта оралып, нәтижесінде оның негізгі функциясы туралы түсінік жоғалып кетті. Біз өзіміздің тазалығымыздан гөрі қаптама, упаковкамен айналысатын сияқтымыз. Біз сабын іздегеннен гөрі әдемілік іздейтін сияқтымыз, бірақ бұның барлығы жалған, алдамшы сыртқы форма ғана, былайша айтқанда жарнама! Қазіргі кезде біздің дүние де жарнамаға айналып кетті, сыртқы форма, әдемі упаковка, мән-мағынасы жоқ, ең жаман салдары – көбісінің соңы азғырумен және алданумен аяқталады. Қазір (онлайн) интернет те толған жарнама, әлеуметтік желілер толған жарнама, (оффлайн) көшеге шықсаң жарнама жоқ жер таппайсың, тіпті үйлердің есігіне келіп қағазын қыстырып кетеді.

Біздің өмірде біз көбінесе тек сыртқы формамен, қаптамамен (упаковка), жарнамаға алданумен айналысамыз, дәл әдемі сыйлықтар сияқты бірнеше қабатқа оралған, соның салдарынан біз негізгі дүниенің рухани ішкі формасын, мән-мазмұнын, көзімізге ие болуды ұмытып бара жатырмыз.

Мен өмірдің мәні жайлы айтқым келеді. Біз өте жиі жұмыспен, дүние-мүлікпен, отбасымен, қаржы қуумен айналысамыз, тіпті бас көтере алмаймыз, шамадан тыс бұндай әрекеттерден біз шынайы өмірдің мәнінен айырыла бастаймыз. Күнделікті күйбең тірліктің астында, біз өмірдің шынайы көрінісін жоғалта бастаймыз. Сіз – өмірдің шынайы көрінісі болып табыласыз, сыртқы факторлар емес. Бұл сіздің «Әмбебап Ақылдың», Құдай күшінің шынайы көрінісі екеніңізді білдіреді. Қызылды-жасылды, жалт-жұлт, жарқ-жұрқ еткен дүниеге, өзіңізді орап тастауға, одан кейін тағы қайта орап тастауға жол бермеңіз, осылай сіз өмірдің мәнін жоғалтасыз және өзіңіз де осы негізгі «Өмірдің Мәні» атты концепцияны ұмытпаңыз. Осы негізгі тұжырымдаманы елемеуге жол бермеңіз. Сіз өзіңізді «Әмбебап Ақылдың» шынайы көрінісі екеніңізді түсінген кезде, сіз өзіңіз жазғыңыз келетін тағдыр бойынша өмір сүре бастайсыз және бұл өмір сіздің барлық қиялдарыңыздан асып түседі.

Есіңізде болсын: сіз тірісіз, дүние өлі, себебі ол түбінде күлге айналады, ал сіз мәңгілік өмір сүру үшін жаралғансыз.

Өткенді босату

Мен бір аңыз әңгіме жайлы айтып берейін, себебі оның шын болған, болмағанын ешкім білмейді. Бір кездері екі еркек, әйгілі немесе, дәлірек айтқанда, танымал кейіпкерлер болған. Бұл екеуі жақында жерленгендердің денелерін қазып, медициналық мектептерге сату арқылы жақсы ақша табуға болатындығын анықтап және де солай жасаған екен. Бұл көптеген жылдар бұрын болған делінген. Әрине, қорқынышты нәрсе, бірақ өзіңізден сұрап көріңізші: сіз кейде қабірлерден мәйіттерді ұрламайсыз ба? Мен сізді қорқытқым келмейді, мен сізді құрметтеймін, бірақ көпшілігіміз осындай әрекетті өзіміз білместен жасаймыз.

Егер де сізге, өткен, ескірген, қайғы-қасірет немесе күнә-қателіктер ойыңызға келгенде, сіз оларды қайта-қайта еске түсіре бергенде немесе одан да жаманы – олар туралы басқаларға айтқанда, сіз жай ғана ескі, өткен, өлген қабірді қазып жатырсыз.