Тағдыр кінәлі емес
Сіз өзіңізді бақытты санайсыз ба әлде бақытсыз санайсыз ба? Сіздің ойыңызша, сіздің өміріңізде сәттілік көп пе әлде сәтсіздік көп пе? Біздің орындалмаған үміттеріміз бен армандарымыз, сәтсіз үлкен жоспарларымыз туралы ойлаған кезде, адамдар көбінесе тағдыр немесе сәттілік не сәтсіздік деп аталатын нәрсені айыптайды. Бірақ бұл нонсенс (абсурд) емес пе? Кейбіреулер: «Бұл менің бақытты (немесе бақытсыз) жұлдызым» дейді, немесе «Бүгін мен үшін жаңа өмір, жаңа күн, жаңа Мен» керісінше «Тағы да мектеп не жұмыс не отбасы, қашан құтылады екенмін». Біз неге осылай айтамыз? Кемшіліктерімізді, қателіктерімізді, күнәларымызды өзімізден өзіміз жасыру үшін айтамыз. Өзімізді сөзбен алдағымыз келеді, бірақ шынында да біз қалаған өмір болып жатқан жоқ немесе болып жатыр бірақ бәрібір ішкі бостық сезімі, әрдайым бір нәрсе жетіспейтіндей. Есіңізде болсын: Біз санамыздың табиғатына (деңгейіне) байланысты сәттілікке жетеміз немесе сәтсіздікке ұшыраймыз.
Менің ойымша, Шекспир мұны «Юлий Цезарьда» өте жақсы айтқан, онда ол: «Кейде адамдар өз тағдырының қожайыны болады. Қателіктер үшін кінә, құрметті Брут, жұлдыздардан емес, тек бізден».
Біз түбінде өлеміз, бірақ шын мәнінде, біз өз тағдырымыздың қожайыны бола аламыз, егер біз өз ойымыз бен іс-әрекетімізді өміріміздің шығармашылық мақсатына бағындыра алсақ. Егер біз өз ойымызды мақсатымызға «байланыстыра» алсақ, онда біз өз тағдырымыздың шебері боламыз. Бірақ біздің көпшілігіміз өзіміздің ішкі жетекшімізге сенуге қаншалықты дайынбыз? Жоқ, біз өз пайымдауларымызға, ескі әдеттерімізге сүйенуді жөн көреміз және жағдай дұрыс болмаған кезде біз Құдайды, тағдырды, жұлдыздарды немесе біздің үмітіміз бен сенімімізді ақтамаған кез-келген нәрсені кінәлауға дайынбыз.
Егер өткендегі, біздің өткен шағымыздағы, барлық егжей-тегжейлерді көрсетуге болатын мүмкіндік болса, онда біз жақында қайда және қашан қателескенімізді көріп, дұрыс жолдан кейін дұрыс емес жұлдызға адасқан нүктені анықтай алар едік. Біз қай жерде түзетілмейтін қателік жібергенімізді көретін едік. Көрдіңіз бе, біз таңдау жасай алар едік. Ал ол таңдау бізде болды, бірақ ол уақытты қайта шегере алмаймыз, алайда біз өз өткен кеткеннің бәрін түзей аламыз, себебі бізде қазіргі сәт және болашақ бар.
Құдай бізге өмірді сый қылып берді әрі сынақ қылып берді, себебі ол бізге ерік бостандығын берді. Тек біз, жұмыр басты пенде, өмірімізді жақсартатын немесе бұзатын нәрсені өзіміз таңдаймыз. Біз кез-келген уақытта таңдауды өзгерте аламыз және жаңа өмір бастай аламыз. Жұлдыздарды, жалпы ешнарсені, ешкімді өз проблемаларыңыз үшін кінәламаңыз, өзіңізді «Ұлы Ақиқаттың» бейнесінде және ұқсастығында жаратылғаныңызды ұмытпаңыз, өзіңізді кінәлағыңыз келсе тек бір нәрсе үшін ғана кінәлаңыз, жұлдызға не басқа бір материяға құл ретінде әрекет еткеніңіз үшін ғана айыптаңыз.
Тек біздің қателіктеріміз бен сәтсіздіктеріміз ғана тағдырымызға бөгет жасайды және ешқандай жазмыш тағдыр жоқ, бізді қинауға немесе зиян келтіруге тырысатын. «Ұлы Ақиқат» бір нәрсені іздейді: біздің өмірімізде әлі де қалыптаспаған абсолютті игілікке (кіші жұмаққа) қосу. Бірақ мөрі басылған «Қасиетті Кітап» айтпақшы үлкен жұмақ (абсолютті тыныштық, тазалық, игілік, ізгілік мекені) бірінші өмірде орнамайды, дегенмен бұл оған ұмтылмау керек дегенді білдірмейді. Сондықтан Жаратушы бізді бірінші өмірде тозақтан (абсолютті тазарту және емдеу мекені) құтқарудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланады: аштық, соғыс, ауру, т. б. Тозақ деген сөзді ауыр сынақ деп қарастырыңыз. Жалпы барлық адам кіші немесе үлкен тозақтан өтпей үлкен жұмаққа оп-оңай еш қиындықсыз кіре салмайды, ол адам не дүниенің кіші тозағынан өтіп барып не ақыреттің үлкен тозағынан өтіп барып үлкен жұмаққа кіреді. Бұл дүниеде адамдар бақыт деп санап жүрген абстрактілі ұғымы – бұл кіші жұмақ, Киелі кітапта кіші жұмақ, яғни дүние жұмағы, үлкен жұмаққа еш татымайтындығы жайлы айтылады, дегенмен бірінші өмірдегі жалған бақыт пен екі өмірдегі мәңгілік шын бақытты айыра білу керек. Шын бақыт тек қана ақиқатқа негізделген. Ақиқат дегеніміз ерік-жігерге пайдалы білім мен дәлелді ғылым, санаға рухани сәуле және жүрекке иманның нұры.
Кез-келген жағдайда біз жақсылықтың элементтерін сақтаймыз, егер сіз жағдайыңыздың ақиқатын қабылдасаңыз, онда жазмыш тағдыр кенеттен артта қалып, екі өмірде де бәрі жақсы болатынын білесіз. Неліктен? Себебі біз өз жолымызды әрқашан дұрыс шешімге апаратын «Жалпыға Ортақ Ақыл» жолына қостық. Бізге қажет нәрсенің бәрі біздің бойымызда бар, бізге тек керегі – ақиқат нұсқаулығына ашық болу, жауап беру және қабылдауға дайын болу.