Выбрать главу

ӨЗГЕРІСТЕР БІРІНШІ ІШТЕ БАСТАЛАДЫ

Біз өзімізге жəне басқа адамдарға, «ішкі əлемді өзгерту арқылы сыртқы əлемді өзгерте алатынын» мүмкіндігінше жиі еске салуымыз керек. Сырттай өзгерту əрекеті мүлдем пайдасыз жəне мағынасыз екендігінің көптеген дəлелдерін көреміз. Аштық, кедейлік жəне шексіз ұлтаралық қақтығыстар проблемасын тиімді шешу біздің ішкі əлеуетімізді іске асыру қабілетімізде жатыр. Əлемді (дүние) емдеудің жалғыз жолы – алдымен өзіңізді емдеу. Бұл идея жаңа емес, бірақ менің ойымша, біз кім екенімізді жəне не істей алатынымызды тағы бір рет еске түсіру артық болмас еді. Тартылыс Заңына байланысты біз саналы түрде немесе бейсаналық түрде өмірде және өзімізге не болып жатқанын тартамыз.

Айналамыздағылардың бізге жасаған барлық істерінде біздің жауапкершілік үлесіміз бар. Жалпы алғанда, біздің арамызда құрбан болғандар жоқ, біз бəріміз ерікті құрбандармыз. Жауапкершілік бұл ащы таблетка, бірақ оны жұтып қою керек, əйтпесе біз ештеңені жақсы жаққа өзгерте алмаймыз. Біз тек өзімізді, өзгені, өмірді, үкіметті, Құдайды ақиқатты қабылдамағанымыз үшін кінəлаймыз. Егер сіздің сағатыңыз уақытты дұрыс көрсетпесе, сіз не істер едіңіз? Сіз уақытты білмей, адасып, шатасар едіңіз. Өкінішке орай, біздің шындық пен ақиқатқа наразылық білдіре отырып, біз өзіміздің өмірлік ұстанымымызға қажетті түзетулер енгізуге асықпаймыз, керісінше өзіміз жасаған шындықтың біздің жалған елестерімізге бейімделуін талап етеміз.

СӘТТІЛІККЕ АПАРАР ЖОЛДЫҢ БАСЫ

Адамның ең үлкен күші оның ойларын басқара алатындығында жатыр. Ойланбайтын ақыл байлық, сəттілік пен денсаулыққа емес, ауруға, кедейлікке, қиындыққа бейім болады. Егер біз өз өмірімізді ақиқат қалағандай жасамасақ, бұл бізді бейсана басқарады дегенді білдіреді. Бірақ болмыс ақыл арқылы анықталғандықтан, біздің басты міндетіміз, өзін-өзі танудың мүмкіндігінше жоғары деңгейіне жету. Бұл Құдайдың адамды жаратқандағы мəнісінің бірі. Мұны істеу үшін сіз өзіңіздің өміріңізді объективті (әділ) бағалап, құндылықтар мен сенім жүйесін қайта қарауыңыз керек, тіпті егер бұл біздің өзімшілдігімізге (эго) қайшы келсе де. Шындықтың қандай да бір аспектісін өзгерту үшін біз ойларымыз бен қалауымыз арасындағы барлық қате сенім мен түсініктен арылуымыз керек. Тереңдікте сіз өзіңіз қалаған нəрсені нақты білесіз жəне егер сіз өзіңіздің ішкі дауысыңызды тыңдасаңыз, ол сізге бəрін айтады. Ақыл опасыздық жасай алады, бірақ жүрек ешқашан жасамауы керек. Ол сізді шексіз əмбебап күшпен (Жаратушы) байланыстырады, сондықтан оған сенуді үйреніңіз. Бейсаға сенемін деп бәрін жоғалтып алмаңыз. Өзіңіз жайлы қорытынды жасау бұл бірінші мақсат.

Сіз өмір бақи ішкі дауыс (ойларыңызды) тыңдап келдіңіз. Ішкі дауыс не айтса да, дəл сіз естуіңіз керек. Сіз оған көбірек сенуді үйреніп жатқанда, ол сізге қазіргі уақытта дұрыс шешім қабылдауға кеңес береді. Бірақ кеңесін бірден жүзеге асырмай, бірінші ақиқатын біліп алыңыз, себебі бұл Эгоизмнің да даусы болуы мүмкін.

Сіздің өміріңіз сіз үшін де мен үшін де өте маңызды жəне бүкіл адамзат үшін маңызды болуы тиіс. Біздің əрқайсымыздың өмірге келгендегі өз миссиямыз (тапсырмамыз) бар деп сенемін. Интуицияңызды (түйсік, ішкі дауыс) тыңдаңыз – жəне ол сіздің, кім екеніңізді, мақсатыңыздың не екенін айтады.