2. Өзіңіз жайлы білмейтін шындық
Көп адам өзі жайлы шындықты білмейді не одан қашады. Егер сіз өз өміріңізді бақылауға (контроль) алғыңыз келсе, алдымен сіз өзіңіздің кім екеніңізді түсінуіңіз керек. Өзіміздің «Мен» бейнесі (образ, концепциясы), яғни «өзіміз туралы ой-пікір» біздің өмірімізде шешуші рөл атқарады. Біздің барлық əрекеттеріміз, сезімдеріміз, ойларымыз жəне тіпті қабілеттеріміз осы «Мен бейнесіне» байланысты. Біз өзіміз ойлап тапқан рөлді ойнаймыз. Бірақ сіз бұл образға жабысқан кезде, ешқандай күш, ешқандай шешім жəне ерік-жігер сізге басқа немесе дұрыс адам болуға көмектеспейтінін білуіңіз керек, өйткені сіз əрқашан өзіңіз қалағандай (ақиқат қалағандай емес), өз сенім мен түсінік, өмірлік ұстанымымызға сəйкес əрекет етесіз (көбінесе ақиқатқа сай емес). Оны өзгерту, жақсарту үшін алдымен оның қалай қалыптасатынын түсіну керек.
Ерте жастан бастап біз өзіміз туралы ойларды жақсы немесе жаман, ақылды немесе ақымақ, сенімді немесе сенімсіз, батыл немесе қорқақ адам жəне т.б. деп бірнеше рет, жиі қайталаудың нəтижесінде, бұл негізсіз ойлар біртіндеп тұрақтап жалған сенімділікке айналды жəне «өзіңіз туралы ой-пікір» – «Мен» бейнесіне айналды. Ол бізге толық бақытты өмір сүруге мүмкіндік береді немесе қор болуға мəжбүр етеді. Біздің əрқайсымыз өзіміз туралы белгілі бір ой-пікірге иеміз, ол әрдайым ішкі дауыс арқылы «Мен…» деп басталады. Бұл ақыл-ой бейнесі қазіргі сізсіз жəне ол соңғы өлім сəтіне дейін маңызды. Тек шын мəнінде, бұл біздің шынайы «Мен» емес, керісінше, біз өзіміз туралы не ойлайтынымызды ғана білдіреді. Шынайы «Мен» (ақиқат пен жалғанға байланысты) ал «өзім туралы ой-пікір» (сенім, түсінік, ұстанымға байланысты).
Бұл «Мен», қалыптасқан ой-пікірлер немесе сенімдер шындық пен ақиқатқа мүлдем сəйкес келмеуі мүмкін, бірақ біз үшін өтірік шындыққа, жалған ақиқатқа айналады. Егер өтірік, жалған ақпарат бейсанада сақталса, біз оның дұрыс бұрыстығына күмəн келтірмегеніміз, бірден қабылдай салғанымыз. Көп жағдайда біз ол ақпаратты қалай немесе қайдан алғанынымызды есімізге түсіре де алмаймыз. Біз ақиқатқа сай əрекет етеміз бе? Жалпы бізді қоршаған ақпарат дұрыс болмаса да, біз оған керісінше сенбеудің орнына сенеміз, «Құлдық сананың» салдарынан сенеміз.
МƏҢГІЛІК ҚҰПИЯ
Өкінішке орай, адамзаттың көп бөлігі, ежелден бері барлық ұлы тəлімгерлер бізге не айтуға тырысқанын түсінбеді. Бұл «Мəңгілік Құпия», ең керемет ақиқат, оны кез-келген адам түсіне алады, өйткені адамның ең жоғары «Мен» деп аталатын рухани мəні – тұтас, толық жəне кемелді. Əрқайсымыз Жаратушының барлық қасиеттерін бейнелейміз, бойымыздан таба аламыз. Жаратылыстану ғылымдары да, психология да, философия да, дін де бізге бүкіл ғаламда бір ғана «Шексіз Күш-Қуат» бар екенін жəне адам сол күшпен немесе энергиямен (сізге қалай ұнайтындай атасаңыз болады) байланыс жасауды үйретеді. Біздің əрқайсымыз осы «Шексіз Күш-Қуаттың» жеке көрінісіміз. Ол біздің ең жоғары «Мен», «Жоғарғы Сана» деп атаса да болады.
Физика ғылымы жақында тамаша ғылыми жаңалық ашты: «Бір жаралған энергия (жан) ешқашан жойыла алмайды». УРА! Адам мәңгілік өмір сүру үшін жаралған. Бірақ қуануға әлі ерте, себебі ешкім салдарын, өлімнен кейін нақты, анық өзімен не болатынын білмейді. Бірақ физика ғылымы дәлелдегендей жаралып қойдық па, Поздно! Дүниені де көреміз және әрине оның салдары ақыретті де көреміз.
Жоғары «Мен» – ді жою мүмкін емес. Сіз оны жоққа шығарып, оны жасыруға тырысып, ол туралы өтірік айта аласыз, бірақ бұл «Жоғары Мен» – біздің шынайы болмысымыз. Біз өз болмысымызды түсініп, оны өз ақылымызбен басқаруды үйренуіміз керек.
СІЗДІҢ ШЫНАЙЫ КІМ ЕКЕНІҢІЗ АМАЛ-ӘРЕКЕТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС
Кім екеніңіз (болмыс) ж/е амал-әрекетіңіз бір нəрсе емес, бірдей емес. Өйткені амал-әрекет – салдары, ал кім екеніңіз – себебі. Сіздің Болмысыңыздың (ішкі жан-дүние) салдары амал-әрекет болып табылады. «Болу» мен «істеу, жасау, қимылдау» арасындағы айырмашылықты түсіну керек.
Адамның болмысы (тəні сау болса) мінсіз, бірақ оның əрекеттері əрдайым мінсіз бола бермейді. Ол қателік жасаса, ол өзінің кім екенін білмесе, Құдайдан (ақиқаттан) алшақтаса, ол тек білместіктен. Егер адам өзінің рухани кемелдігін білмесе, Жаратушыны сезінбесе, ол мінсіз бола алмайды. Дəл қазір өзіңізге: «Менің рухани болмысым кемелді екенін білемін», – деп айтыңыз. Енді ішкі дауысыңызды тыңдаңыз. Мүмкін ол (эго): «Жоқ, сен сорлысың, бишарасың немесе кітап оқыма, босқа уақытында құртпа, қума», – деп қарсылық білдіруі мүмкін.
Адам Жоғары «Мен» -нің жетілуі туралы, кітап оқу туралы мəлімдеме жасаған кезде одан «Эгоизмінің» беделі түседі жəне ол наразылық білдіре бастайды: «Бұл қалай, мен мінсіз екеніміді итак білемін немесе мына кітапты оқып жатқаннан маған түк пайда болып жатқан жоқ». Ал енді өзіңізге қараңыз. Басқа адамдарға қараңыз. Өткен өміріңізді есіңізге алыңыз, ал енді қазір «Сіз қаншалықты өзіңізді бақытты, бай, сәтті, жолы болған адаммын деп санайсыз?». Кей адамдар үнемі өзіне шағымданады. Өйткені олардың өткені дұрыс қалыптаспаған. Өткен – себеп, қазіргі уақыт, қазіргі сәт – салдары.