Выбрать главу

Сіз өзіңізбен, ортамен қандай іс-əрекеттер жасадыңыз? Сіз осы уақытқа дейін жасап келген барлық амал-әрекеттеріңіз есіңізде ме? … жылы, айы, күні қандай күнə-қателік жасадыңыз? Бұл нонсенсті (мағынасыз сұрақтарды қоюды) өткізуді тоқтатыңыз!

Себебі сіздің шынайы кім екеніңіз, өткен шақпен, амал-әрекеттеріңізбен байланысты емес.

Жоғары «Мен» концепциясы Жаратушы ақылы Ақырет/Эгоизм Тəн жан сақтауХайуани сана Дүние

ЭГО (НӘПСІ) СІЗДІ АЛДАҒЫСЫ КЕЛЕДІ

Сіздің жаныңызды сақтау үшін, сіздің қазіргі қалыптасқан сенім деңгейін сақтау үшін, «эго» сізді алдауға тырысады. Егер сіз өзіңіз туралы бар шындық пен ақиқатты білсеңіз, өзіңіздің «Эгоизміңіз» зардап шегуі мүмкін. Дүниені қатты сүйетіндерге ақиқат ауыр келеді.

Эго (нәпсі) сізді өзіңіздің шынайы кім екеніңізге қарай емес, не істеп жатқаныңызға қарай баға беруге мəжбүр етеді. Ол сіздің əрекеттеріңіз бойынша, өзіңіз туралы кезінде қате шешім қабылдағаныңызды жəне өзіңіздің жəне басқа адамдардың үміттерін ақтамағаныңыз үшін өзіңізді кінəлі сезінгеніңізді қалайды. Сіздің эгоизміңіз сізді адастыруға тырысатындығын түсінуіңіз керек. Ішкі үйлесімді (гомеостаз) сақтау үшін, «Эгоға (нәпсіге)» мұндай мүмкіндік бермеу керек. Керісінше біз эгодан (нәпсіден) жоғары көтерілуіміз керек. Өзіңіздің миыңыздағы «Мен» суреті сіздің шынайы болмысыңыз емес. Өзіңіздің кемелдігіңізді растау осы тұзақтан шығуға көмектеседі. Бұл өзімшілдік емес. Өзімшілдік – мұны істемеу. Өмірді өзгертудің алғашқы жəне маңызды қадамы – өзіңіз туралы шындықты білу, жан мен тəн арасында рухани тұтастық, татулық, бірлікті қалыптастыру, дүние мен ақырет арасында толық үйлесім (баланс) орнату жəне кемелді екеніңізді түсіну екенін ұмытпаңыз.

ЭГО (НӘПСІНІҢ) ДАУЫСЫН ҚАЛАЙ АҚЫРЫН БƏСЕҢДЕТУГЕ БОЛАДЫ?

Өзіңіз туралы жалған ойларды, сенім мен түсінікті жою үшін, сіз өзіңізді сөзсіз, ешқандай шартсыз жақсы көруіңіз керек. Өзіне деген сүйіспеншілік өзімшілдікке ұқсас емес, керісінше, ол эго-ның алдамшы дауысын өшіреді. Біздің болмыс бейсанамен анықталатынын, яғни біздің наным-сенімдеріміз іс жүзінде жүзеге асырылатындығын түсінуіміз керек.

1) Біз өмірімізде ақпараттарды саналы түрде ақылмен қабылдаймыз.

2) Біз оны Бейсанаға шындық деп жазамыз.

3) Өмір бақи сол қалыптасқан шындыққа сеніп өмір сүреміз.

Бұл өте маңызды, қайталауға тұрарлық ақиқат. Біз үшін не шындық болса, біз соған ғана сенімдіміз. Өзіме: «Мен оған ие бола алмаймын, мен оған лайық емеспін, мен жаман адаммын» жəне т.б. сенімге сəйкес келетін жағдайларды өз қолымызбен жасай береміз. Қорытынды келесідей: біз өзімізді, құндылығымыз бен қадір-қасиетімізді қабылдағанға дейін, біз басқа адамдардың құнды жəне лайықты екенін мойындай алмаймыз. Біз бірінші ішімізді түзету арқылы өзімізді мойындату керекпіз. Бұл проблеманы шешу үшін, сіз өзіңізді жəне басқаларды сөзсіз сүюді үйренуіңіз керек. Бұл шынайы бостандыққа жетудің жалғыз жолы. Біз барлық адамдар рухани кемелді екенін біле отырып, алдымен өзімізді, содан кейін бəрін толығымен қабылдауымыз керек.

СІЗ ӨЗІҢІЗДІ ӨЗІҢІЗ ЖАСАДЫҢЫЗ

Сіз өзіңізді өзіңіз жасағаныңызды түсінесіз бе? Сіз өмір туралы барлық мінез-құлық, қарым-қатынас стилі (өзінше слэнг қолданып) жүріс-тұрыс, бет-əлпет, ым-ишара, тіпті ойлау тəсілі мен байланған идеялар, стереотип, тренд, мода, хайп – негізінен сіз осының бəрін еліктеу арқылы біреуден жұқтырдыңыз не қиялдау арқылы өзіңіз ойлап таптыңыз. Рөл (идеал) үлгіснде ата-аналар немесе отбасының басқа мүшелері, сүйікті мұғалім, дос, кітаптан немесе фильмнен шыққан кейіпкер болуы мүмкін. Сіз тіпті ұнатпаған адамнан да мінез-құлық үлгілерін, белгілерін қабылдай ала аласыз. Мүмкін, сіз оларға бейсаналы түрде, еріксіз еліктеген боларсыз. Бос еліктеушілікке алданбаңыз. Саналы ерікті түрде еліктейтін игі жақсыларды табыңыз, оларды тыңдаңыз, ең бастысы оқыңыз.

ӨЗІҢІЗДІ ҚАБЫЛДАҢЫЗ

Өзіңіз жасаған адамға, өзіңізге мұқият қараңыз. Мүмкін, əлі күнге дейін сіз өзіңізге ұнаймайтын шығарсыз, əлі өзіңізді толық түсінбеген шығарсыз, мүмкін өмірдің жалған қызықтарына алданып жүрген шығарсыз? Мүмкін өміріңіз еліктеушілікпен өтіп жатқан шығар? Бұған қатты мəн беру керек.