Выбрать главу

Əділдік болмаса сенім де болмайды. Қоғамда әділдік орнату үшін, бірінші адам әділдікті іште орнатуы керек. Құр бос сөз адамды ақиқатқа сендірмейді.

ҚАТЕ ТҮСІНІКТЕРДЕН АРЫЛЫҢЫЗ

Бақыт = сенімділік пен әрекет (жоғарылату) / қателіктер мен кемшіліктер (азайту)

Адам дүниелік ж/е ақыреттік жетістікке, жеңіске жету мүмкіндігі сенімділіктің жоғарылауына не қате, бұрыс сенім мен түсініктен бас тартуға дайын болуына байланысты. Ауру, кедейлік, сəтсіздік – мұның бəрі өзіне деген сенімсіздіктің, шектеулі мүмкіндіктер мен қабілеттерге деген сенімнің нəтижесі. Ең өкініштісі, біз кейбір жағдайларда өмірдің ақиқат қалағанындай емес екенін түсінген кезде де өмірімізді өзгертуден, жақсартудан қорқамыз, себебі жалған сенім мен түсінік терең орнығып алған. Мысалы сіз бұл кітапты соңына дейін оқи алмасаңыз, сіз өз шындығыңызды өзгертуден қорқасыз деген сөз, сіз өзіңізден басқа ақиқат бар екенін мойындағыңыз келмейді деген сөз.

Біз психологиялық жайлы, қолайлы, ыңғайлы аймақты іздейміз, ол біз үшін қаншалықты жойқын болса да, себебі біз салдарын білмейміз. Ең бастысы, проблемалар мен өзіңіз, өзге, өмір, Құдай туралы қате түсініктерден арылудың жалғыз жолы – біз үшін ыңғайсыз, жағымсыз болған шындық пен ақиқатты мойындау. Ақиқатты жасыру, өзің жайлы шындықтан қашу құлдық пен тәуелділіктің себебі. Ақиқат үгіт-насихатталуы керек, ал өзіңіз жайлы шындықты жасырмауыңыз керек, ол бəрібір ақыретте аян болады. Ақиқат пен шындықтан қашудың орнына өзіңізбен айналысу, жұмыс істеу керек. Ең бастысы дұрыс иман келтіру. Ол жан мен тәннің үйлесімін (балансын) реттеу. Яғни дүние мен ақыретті қатар ұстау.

Біздің бостандығымыздың деңгейі шындық пен ақиқатты жасыру немесе одан қашып жүруге тікелей байланысты.

1) Біз өзімізді алдауды тоқтатуымыз керек, қиын жағдайға тап болдық па, мойындау керек, өтірік маска тағудың қажеті жоқ.

2) Басқаларды өз қиындықтарымыз бен қателіктеріміз үшін кінəламауымыз керек.

3) Жағымсыз, теріс, негативті шешімдер мен таңдаулардан аулақ болуымыз керек.

4) Біздің сеніміміз қате болуы мүмкін екенін жəне олар біздің барлық қиындықтарымыз бен проблемаларымызға СЕБЕП екенін мойындауымыз керек.

Бұл төрт тәсіл – теріс ойлауды позитивті ойлауға айырбастау емес, дұрыс ойлауды үйрену, яғни өзіңіз туралы жəне өмірге деген көзқарасыңыз туралы абсолютті шындықты қабылдау, өмір заңдылықтарына бағыну және ақиқатқа бойұсыну. Иллюзияға емес (дүние), ақиқатқа негізделген дұрыс ойлау жан мен тәннің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негіз болып табылады. Позитивті, Негативті ойлау біздің сенім жүйеміз арқылы сүзгіленеді, және ішімізде үлкен қарсылық пен соғыс тудырады, ал дұрыс ойлау кез-келген өмірлік жағдайдағы адамның, өмірдің, заттардың шынайы жағдайын, бейнесін, Жаратушы мен жаратылыс заңдылықтарының шынайы сипатын түсінуге негізделген. Шындық пен Ақиқатқа сүйенген.

БІЛУ ЕРКІНДІК БЕРЕДІ

Қандай жағдайда болмасын, əрқашан оның шынайы сыртқы фонын, формасын, упаковкасын емес, болмысын, жаратылысын түсінуге тырысыңыз себебі сізді алдау өте оңай. Өзіңіздің қалыптасып қалған сенім жүйеңізден шығып, жоғары деңгейге (мінсіз жаратылыс деңгейіне) көтерілетін, ұмтылатын кез келді. Жаратылыс деңгейінде адам мінсіз жаратылған, бәрі адамның өзінен. Төменгі «Мен» – нен (эго) сұраңыз: «Іс жүзінде бақытты болу үшін маған не білу керек?» Егер сіз шындық пен ақиқатты қабылдауға дайын болсаңыз, міндетті түрде дұрыс жауап естисіз. Бұл жауапты өз əрекеттеріңізде басшылыққа алу – бұл дұрыс ойлаудың мəні. Бұл оң, позитивті немесе теріс, негативті көзқарас туралы емес, сіз өзіңіз болуыңыз керек. Сізге надандық пен білместіктен құтылу еркіндік сыйлайды. Егер сіз өзіңізге рұқсат етсеңіз, яғни өзіңіздің жоғарғы «Мен» – ге (Жоғары Сана) өмірдің шынайы болмысын түсінуге мүмкіндік берсеңіз, онда проблеманың бәрі жақсы шешіледі. Бұл мистика емес, тек «Себеп-салдар Заңының» нəтижесі мен көрінісі.

ТАБЫС (ШЫН РУХАНИ ПАЙДА) НЕДЕН БАСТАЛАДЫ

Ежелден бері барлық ұлы тəлімгерлер біздің көзімізді бір қарапайым шындыққа ашуға тырысты: біз өз шындығымызды (өзімізді, өмірімізді) өзіміз жасаймыз. Сонымен қатар, біз өмірімізде болып жатқанның бəріне – жақсы мен жаманға, қуанышқа, қайғы-мұңға, сəттілік пен сəтсіздікке толық өзіміз ғана жауап береміз. Егер біз өз проблемаларымызға қандай да бір сыртқы факторларды кінəлайтын болсақ, онда біз əрқашан өзіміздің ішкі əлемімізден тыс шешімдерді іздейміз. Бақытты сырттан басталады деп ойлаймыз. Бірақ біздің сұрақтарымызға объективті (әділ) жауап табу үшін біз өзімізге, өзгеге, өмірге, Құдайға жаңа ж/е дұрыс көзқараспен қарауымыз керек, бірақ бұл бізді өзімізбен немесе басқа көзқарастағы адамдармен конфликтіге апармауы керек. Адам тек шынайы табысқа (рухани пайдаға) ұмтылған кезде ғана өмірдің дұрыс ақиқатын көруге мəжбүр болады.