Выбрать главу

Бейсана қоршаған шындықты өзгертпейді. Ол жай ғана сырттан келетін ақпаратты сүзгіден өткізеді (фильтрация), іріктейді. Сіздің өзіңіз, өмір туралы сенімдеріңізді немесе ойларыңызды бекітетін, есте сақтайтын ақпаратты ерікті ақыл арқылы таңдайды. Мысалы, егер сізді бизнестегі сəтсіздіктер мазаласа немесе бизнесті одан əрі дамыту «мүмкін емес» деп санасаңыз, сіздің бейсанаңыз кез-келген іскерлік мүмкіндіктерді жояды жəне сіздің істеріңіз шыныменен «маңызды емес» екенін бекіту үшін бейсана тек проблемаларды тауып береді. Жаңа мүмкіндіктер əлемі сіз үшін жабық қалады.

Бейсана өздігінен ойлауды білмейді, өздігінен ерікті түрде ойлайтын ол – ақыл. Бейсана сіздің ең терең ішкі сенімдеріңізге сəйкес келетін нəрсені ғана тартады, бұдан басқа ештеңе емес. Бұл туралы білмеу жəне ойламау, ақиқатқа деген сенім мен үміттің жоқтығынан. Бейсана сіздің өміріңізді жақсартуға күш салмайды жəне сіз өзіңізді кейбір адамдардың немесе жағдайлардың құрбанымын деп санайсыз. Өзіңіздің əлсіздігіңізді ескере отырып, сіз өз дұға-тілектеріңізді жүзеге асыру үшін сырттан көмек күтесіз. Өзіңіздің ақыл-ойыңыздың күшімен, дұрыс, яғни байсалды жəне объективті (әділ) ойлаудың көмегімен қалаған нəрсені жасай алатындығыңызды біле отырып, сіз өзіңізге қажет нəрсені бере алатындығыңызды, қалаған нəрсеге жете алатындығыңызды, түсінесіз.

Өзінің ақылына өзі сенбейтін адам көп, сондықтан олар жұттан қалмау үшін ақыл іздейді, себебі өмірі сапасыз. Ал бейсана құлақпен тыңдайтын ақпаратты қабылдамайды, себебі ол дайын ақпарат. Ал кітап оқу бейсананы терең қозғайды, себебі ол ойландырады. Есіңізде болсын: ақыл – себеп, бейсана – салдары. Сонда «Менікі дұрыс» деп айтсаңыз болады.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІҢІЗГЕ СЕНІҢІЗ

Қалаған нəрсені жасау үшін, қалаған нəрсеге жету үшін əрқайсымызға берілген «Шексіз Күш-Қуатқа» (Құдайға) сеніңіз. Сіздің қарсылықтарыңызды естіп тұрмын: «Миллиондаған адамдар аштыққа ұшырады. Əлем аурулардан, соғыстардан жəне қылмыстардан жылап жатыр. Соған қарамастан, маған сенуге болатын қандай күш, не Құдай ол? Егер ол шынымен бар болса, неге мұның бəріне жол береді?». Бәлкім бұның барлығы «адамның өзінен шығар» деп ойлап көрдіңіз бе?

Жалпы алғанда өмірде екі қалау болады: Құдайдың қалауы, адамның қалауы. Берген (жақсылық пен жамандықты) Құдай, қылған Құдай емес. Құдай сауапты және күнәлі амалдарды жаратты, бірақ жасаған Құдай емес. Құдайдың қалауы сынау, адамның қалауы таңдау.

Шын мəнінде, «Шексіз Күш-Қуат» (Құдай) жақсылық пен жамандықтың пайда болуына жол беріп немесе жол бермейтін əділетсіз, арам емес. Біз оның әділ, бейтарап, алаламайтын, риясыз, тура және дұрыс екендігі туралы əңгімелестік. Егер де Құдай жамандыққа жол берсе, оның да өзіндік себептері бар.

Бұл үлкен жасампаз күш, өмірдің объективті (әділ) күші. Оның көмегімен бізге барлық жағдайды жасауға мүмкіндік берілген. Біз бейсаналық түрде əрекет етсек те, ол біздің қателіктерімізден сабақ алғанға дейін бізді қолдайды. Нəтиже (салдары) əрқашан себепке тең болады. «Шексіз Күш-Қуат» (Құдай) біздің таңдауымызға қарамастан, құлдырау немесе өркендеу болсын, бізді əрдайым қолдайды. Кез келген жағдайда түпкі (негізгі) себеп – біздің өз ойларымыз бен ниетіміз. Құдайдың басты сипаты Махаббат болса, одан кейінгісі Шығармашылық. Сондықтан шығармашылық қабілеттеріңізге сеніңіз!

КҮШ-ҚУАТТЫ БАСҚАРАТЫН ОЙ

Біз ойлар шындыққа, арам болса да, өтірік болса да, айналады деп айттық. Басқаша айтқанда, адамға ойлағаны беріледі, ол қалағаны емес, дəл ойлағаны. Сондықтан ойдың күші, ниет (қалау) күшінен жоғары, себебі ниет (қалау) ойдан пайда болады. Осы ұғымдардың арасындағы айырмашылық қаншалықты үлкен екенін сезініңіз (қалау мен ой).

Сіз бір нəрсе туралы ойлана қалсаңыз – бүкіл əлем (аспан) қозғалысқа енетінін ұмытпаңыз. Бұл сіздің ақылыңызда қандай да бір ой, қандай да бір идея пайда болғаннан кейін, сіздің өміріңізде оны жүзеге асыруға ықпал ететін адамдар немесе жағдайлар бірден пайда бола бастайды дегенді білдіреді. Шын мəнінде, сіз өз ойыңызбен (сөзіңізбен) амал-əрекетті қоздырасыз.

Айналаңызға қараңыз жəне сіз осы Шексіз Күш-Қуаттың (Жаратушы) ғажап, керемет туындыларын көресіз. Ең бастысы, ол күшке əрқайсымыз иеміз. Сіз шығармашылық күшіңізге қаншалықты сезімтал болсаңыз, сіздің өміріңіз соншалықты толық жəне бақытты болады. Бұл күш қалай жұмыс істейді? Сіз бен біз, барлығымыз рухани бірігу арқылы. Мысалы сіз осы кітапты оқу арқылы менімен рухани байланыс жасап отырсыз. Бұл сіздің ойыңызға әсер етіп, бәлкім сізге рухани күш беріп жатқан болар.