Выбрать главу

Бейсана біздің əрекеттерімізді басқарады. Сіз өзіңіздің əрекеттеріңізді əдеттегі мінез-құлық үлгілерімен анықтаудан бас тартқан кезде жəне сіз өзіңіздің бейсаналық реакцияларыңыздың құрбаны болуды тоқтатқан кезде ғана саналы, ақылға салынған таңдау жасай аласыз. Осы уақытқа дейін сіз бейсаналық өмірді сүріп келдіңіз, яғни сіз ойладыңыз, сезіндіңіз жəне дұрыс деп санаған жолмен əрекет еттеңіз.

Егер Бейсана деңгейі бізге қалаған нəрсені алуға мүмкіндік бермесе, оны жоюдың орнына, біз тек дұрыс ойлауға назар аударуымыз керек. Дұрыс ойлау – бұл шындық пен ақиқатқа негізделген ойлау. Ақиқат, анықтама бойынша, əрқашан «дұрыс».

Бұрыс қалыптасқан, тура жолдан адастырған қате сенім мен түсінікті жинап терген Ақыл оны Бейсанаға бекітіп, күнə-қателік, бақытсыздықтың себебі болып табылады.

ҚАНАҒАТТАНБАСТАН ӨСУ МҮМКІН ЕМЕС

Сіздің жоғары «Мен» (Құдай ақылы) əрқашан сізге не қажет екенін біледі. Сізге жақсы өмір сүргіңіз келетіні туралы іштей айту, шешім қабылдау ғана қалады. Қазіргі жағдайға (ішкі/сыртқы) қанағаттанбастан, өсу мен жақсы жаққа өзгеру мүмкін емес екенін қабылдаңыз. Əрине, қазіргі уақытта болу жəне өмірді сол қалпында қабылдау өте маңызды, бірақ даму үшін, осы бастапқы нүктеден қалай да алға жылжу маңыздырақ. Қанағаттанбау сезімін мұқият талдап, өзіңіз туралы көп нəрсе білесіз. Өмір – бұл үнемі өзгеріп тұратын тұрақсыздық. Миыңыздың ішіне қандай ақпарат саласыз? Пайдалы ма? Пайдасыз ба? Есіңізде болсын: миға тықанның бəрі (мейлі көзбен, мейлі құлақпен) ақыры сіздің шындығыңызға айналады. Сіз неге қанағаттанбайсыз, неге көңіліңіз толмайды? Өсу мен даму негізінен адамның жаралғанына, осы өмірде болу бақытына ие болғанына қуанудан басталады.

СІЗ ӨЗІҢІЗДІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ШЕКТЕЙСІЗ?

Тек тəуелді адамдар ғана ақыл шектеуінде. Сіз циркте ересек пілдерді ағаш тіректерге тек жұқа арқанмен байлап, кішкентай пілдерді жерге терең көмілген сенімді металл тіректерге байлап қоятынына назар аудардыңыз ба? Бұл олардың қашып кетпеуі үшін. Егер металл тірек жерге жеткілікті түрде мықтап орнықса жəне қалың арқан күшті болса, нəресте піл одан қашып кете алмайды. Ерте ме, кеш пе, ол арқанды тартып, қашып кетуге тырысады, бірақ ол бұл әрекетін тоқтатады. Металл тірек ағашпен ауыстырылады, өйткені олар жануардың қашып кету мүмкін еместігі туралы ойға үйренгенін біледі, цирктегілер енді піл қашып кетеді деп алаңдамайды.

Біз өз мүмкіндіктеріміз бен қабілеттерімізді шектей отырып, өзімізді де солай етеміз. Демек, біз шындықпен, ақиқатпен шектелмейміз, бірақ өз ойларымызбен, сенім мен түсінік, өмірлік ұстанымдарымызбен шектелеміз. Неге?

Бір кездері менде «жоғарыға секіре алмаймын» деп ойлайтын мысық болған, сондықтан мен оны жиі-жиі шынықтыратынмын, бірақ нәтежие шықпайтын еді. Ол мысық қартайғаннан кейін биіктікті бағындыра алмайтынын ұмытып кетті. Бір күні үйге келгенде мен оны кітап сөресінің жоғарғы сөресінен таптым, мысығым барлық кітаптарды қопарып тастапты. Шамасы, өзінің қартайған деменциясында (ұмытшақтық ауруы) ол не істей алатындығын жəне не істей алмайтынын мүлдем ұмытып кеткен болуы керек!

Көптеген күйзеліс пен қорқыныш, уайым, өткен шақтағы естеліктер мен тәжірибелерге байланысты. Егер біз дәл мысық сияқты, жақсы мағынада «алжып» осының бәрін ұмытсақ. Егер біз сөздің жақсы мағынасында «қартайсақ»? Мүмкін біз «білмеймін» немесе «мүмкін емес» дегенді ұмытып, жай ғана өз ішімізбен əрекет етсек, ниет-қалауымызға жетер едік.

ӨМІР ЕРЕЖЕЛЕРІН БІЛУ

Егер сіздің өміріңіз сіз қалағандай болмаса, онда сіз бола алатын адам болуға кедергі келтіретін жалған сенімдер кінəлі екенін түсініңіз. Өкінішке орай, адамзаттың көп бөлігі тұзаққа түскендей сезінеді. Айналамызға қарап, біз қайғы-қасіретті, кедейлікті, аштықты, миллиондаған керексіз жəне пайдасыз адамдарды көреміз. Олар қажет нəрсе үшін күресуге мəжбүр болады жəне адамзат есінен танып қалған сияқты көрінеді. Бұл хаостың түсіндірмесі ақылға қонымды шешім таба алмай, өзіне аз мəн берудің салдары. Тек кейбір адамдар ғана өмір деп аталатын ойын ережелерін түсінуге тырысады. Қалғандары өмірді дұрыс түсінбейтіндіктен, өздерін өздері мазалайды, күреседі, қалағанын алу үшін бар күшін салады. Бірақ көбінен бəрібір ештеңе шықпайды, себебі олар өмір ережелерін білмейді.

ӨМІР ОЙЫНЫ

Өмір – бұл шынымен ойын. Біреу күресіп ойнайды, біреу ауруып ойнайды, біреу кедей болып ойнайды, біреу өмір бойы өз кінəсіздігін, маңыздылығын, керектігін жақындарына, қоғамға дəлелдеймін деп ойнайды, ал біреу барлық жерде кешігіп жүреді, ол да ойын. Бірақ кейбіреулер бақыт, байлық жəне керемет денсаулықты ойнағанды жөн көреді. Дегенмен ең бастысы, əрқайсымыз өзіміз ойлап тапқан ережелерге сəйкес өмір сүретінімізді жəне кез-келген ойынның артықшылықтары бар екенін түсіну керек. Егер ол бізге ешқандай қанағат, қызық, рахат, лəззат əкелмесе, біз ол ойынды баяғыда тоқтатар едік.