Выбрать главу

Өз өміріңізге қараңыз. Жауапкершіліктен бас тартпаудың қандай жасырын артықшылығы бар екенін түсінуге тырысыңыз. Өмірдің құрбаны ретінде өзіңізді үнемі сезініп, қандай да бір жағымды эмоцияларды сезінуге бола ма? Өзіңіздің əлсіздігіңізден, кемшіліктеріңізден, қабілетсіздігіңізден лəззат ала аласыз ба? Мысалы, өзіңіз үшін əлсіз адамның рөлі сізге не береді?

Сіз бұндай жолды таңдай отырып, сіз өзіңізге деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа жəне басқалардың көмегіне мұқтаж боласыз. Бұл назар аудартудың ең керемет жолы. Егер сіз тəуелді, шешім қабылдай алмайтын адамның рөлін ойнайтын болсаңыз, онда сіз қандай да бір қателік болған жағдайда өзіңізді айыптаудан қорғайсыз, яғни ішкі конфликтіге жол бермейсіз. Басқаша айтқанда, егер сіз спектакль кезінде пьессаның сөзін кенеттен ұмытып қалсаңыз, онда сізге сахнаның сыртында сізге қамқор, жақын болатын адам сізге сыбырлап көмектеседі. Дəрменсіздік – бұл іс жүзінде басқалармен манипуляция жасау құралы, бірақ сырттан көмек келмесе ше? «Əлсіздіктің» күші (ауру, кедей, әлсіз, дәрменсіз, мұқтаж) қаншалықты үлкен екенін бəрі біледі, бірақ әлсіз адам кімге керек. Оның көмегімен басқа адамдарды олар үшін жазылған сценарийді ойнауға мəжбүрлеу өте жақсы. Сіздің рөліңіз үшін қандай сый мен нәтежие алатындығыңызды қарастырыңыз. Көптеген адамдар, мысалы, өз ауруларын пайдаланады. Сіздердің біреуіңіз: «Бұл қатыгездік, қаталдық. Сіз менің қалай қиналып жатқанымды білмейсіз» деп айтуыңыз мүмкін. Жоқ, бұл қатал емес. Мұны жоққа шығару қатал. Өйткені, осындай қарсылықтармен сіз өзіңіздің ауруыңызға, өз тағдырыңызды басқаруға көп мүмкіндік беріп қоясыз. Ауруды мұндай күшке кім берді деген сұрақ туындайды. Егер сіз қазір ауырып жатсаңыз, жағдайыңызды объективті (шынайы) талдауға тырысыңыз. Өкінбеңіз, өзіңізге ренжімеңіз, жағымсыз эмоциялар туралы ұмытуға тырысыңыз. Ауру сізге не айтуы мүмкін екенін тыңдаңыз. Бәлкім бұл сынақ пен жаңа бір мүмкіндік шығар. Денеде болып жатқанның бəрі ақылдан басталатынын білуіңіз керек. Дене ауруы – бұл тәннің психикалық күйіне физиологиялық реакциясы, яғни әрбір аурудың себебі мидан басталады. Сондықтан себебін емдеу керек, сонда ем-шипа табылады. Тән (дене) əрқашан сіздің жаныңызда (сана, жүрек, ерік-жігер) не болып жатқандығы туралы айтады. Ол сіздің мұғаліміңіз болсын. Бір қызығы, біздің қоғамда инфаркттан кейін қалпына келтіруге бірнеше мың доллар жұмсау қалыпты жағдай болып саналады, бірақ егер сіз бақытты болуға, кітап оқуға, ойлануға, өзіңізбен айналысып, жұмыс істеуге бірдей мөлшерде ақша жұмсасаңыз, сізді айыптайды немесе дұрыс түсінбейді. Шынайы профилактикамен бізде шатасулар бар сияқты. Үкімет профилактикаға емес емдеуге ақша бөледі, себебін қарарстырмайды, салдарымен күреседі. Мүмкін, егер біз шын бақытты болуға мыңдаған доллар жұмсасақ, инфаркт аз болар ма еді? Ойланыңыз. Кітап оқу жəне миыңызбен айналысу – бұл түсініксіз жəне дұрыс емес, ауырсынудан зардап шегу қалыпты жəне табиғи. Таңдайтын рөліңізбен абай болыңыз. Барлығын тағдырға жаппаңыз, себебі оны өзгерте аласыз.

КҮТУ – БҰЛ ТҰЗАҚ

Неліктен біз сау, бақытты, бай болу, ұзақ өмір сүру, өз ісімізді ашу, ғашық болу, қарым-қатынас жасау, жеке өмірімізді жақсарту үшін дұрыс оңтайлы сəтті күтеміз? Күту – бұл тұзақ. Біз депозиттің пайыздық мөлшерлемелері көтерілгенше күтеміз, экономикалық жағдай (инфляция) жақсарғанша күтеміз, орта өзгергенше күтеміз, той қашан болады деп күтеміз. Қаншама уақыт пайдалы білімге, әрекетке емес күтуге кетіп жатыр. Күтуге, кейінге қалдыруға, уақытты жылжытуға əрдайым себеп бар. Ал бірақ кітап оқуға, ғылым ізденуге, иманға келуге себеп жоқ.

ЕГЕР КӨМЕК КЕЛМЕСЕ ШЕ?

Бірде мен бір танымал әнші қыздың өмірбаянымен таныстым. Ол жас, əдемі жəне ақылды еді. Оның қалағанының бəрі болды, бірақ соған қарамастан ол өзін алкоголь мен есірткімен өлтіруге бірнеше рет тырысқан екен. Неге екенін білесіз бе? Өйткені ол ішкі бостық сезімінен құтыла алмады. Ол өзі армандаған шындықты өзі үшін, өзі жасай алатынын түсінбеді. Оның орнына, ол біреудің келуін күтті, оны бақытты етеді деп ойлады. Бірақ бұл біреу ешқашан пайда болған жоқ.

Өзгелердің көмегімен бақытты табуға болады деген ұмтылыс, сондай-ақ басқалар мені бақытты ете алады деген сенімділік, шексіз əлеуметтік жобалар мен əділетті, бақытты, ізгілікті қоғам құрамыз деген жалған сөздер ештеңе əкелмейді. Адамзаттың неғұрлым саналы, рухани және кемелді қоғам құрамыз деген жалған сенімінен гөрі қате түсінік жоқ. Жалқаулық танытпағандардың бəрі бізді жақсы өмір үшін, қоғамды жақсарту үшін күресуге шақырады. Бірақ бұл қате. Өйткені біздің əрқайсымыз жеке-жеке дара тұлғамыз, бірақ әлі мүмкін қалыптаспағанымыз бар шығар. Сізге қоғам көмектесуге міндетті емес. Əлеуметтік реформалардың күрделі жүйелері бізге ескінің үстінен жаңа ауыртпалықты жүктейді. Біздің ақылымыз шамадан тыс сансыз қоғамдық бағдарламалармен қалай күресуге болатынын білмейді. Үкімет бір нəрсені жақсы жаққа өзгертуге тырысқан кезде, ол бізді жоқтан мағына іздеуге мəжбүр етеді. Проблема мынада, біз əлемдегі барлық «дұрыс емес» нəрсені сыртқы факторлар арқылы түзетуге тырысамыз. Біз айналадағы шындықты өзгерткіміз келеді. Өкінішке орай, мұндай тəсіл алдын-ала сəтсіздікке ұшырайды, өйткені біз себеппен емес, бұрыс нəтижемен (салдарымен) күресіп келеміз. Ізгілікті қоғам бұндай жағдайда қалыптаспайды. Және үкімет те сізге көмектесуге міндетті емес. Әр адамның өмірі тек өзінің ғана қолында. Басқаға көмектескіңіз келе ме, өзіңізге көмектесіңіз.