– Солай деп айтуға болады. 46-шы мөлшері түріндегі жауын – шашын жауды.
– Не..? А-а, мен түсінген сияқтымын, сендер мағлұматтық қорап жайында айтып жатырсыңдар ма? Сендер кеше түнде бәрің ес – түссіз талып ұйықтап қалған кездеріңде мен жолға заттарды жинап жатқан кезде бірге жинап тастағанмын. Егер сендер 5 секунд болсада кішкене көңіл бөлсеңдер мағлұматтық қораптың басқаша екенін байқар едіңдер. Сендер айтқандарыңдай соңғы уақыттарда ұйқының жетіспеушілігіне байланысты психалогиялық энергияларың өте төмен деңгейде болғанымен менікі бірқалыпты екенін ұмытпаңдар. Сондықтанда мен соңғы күннің алдында барлық дайындықтарды алдын- ала дайындап тастайын дегенмін. – осы кезде Лу Хао жерде жатқан қоқыстардың арасынан дискеттің сынған бөлшектерін көреді.
– Саған қаншанғы айтам, мағлұматтық қорап өте ұзақ оның үстңне қолайсыз, дискет деп айт, ДИС.. Тоқта, сен не дедің? Жинап тастадым дедің бе? Демек дискет сау ма? Неге ертерек айтпадың?! Менің бостан – босқа өліп қалған жүйке – жүйе жасушаларым-ай!
– Егер байқамасаңдар, мен енді ғана ұйқыға кеттім, ал сендер енді оянып жатырсыңдар. Онымен қоса ұйқысыздық сендердің көру қабілеттеріңді соншама нашарлатады деп ойламаппын, әйтпесе не дискеттің басқаша екендігін байқамауларыңның себебін мен түсіндіріп бере алмаймын.
– Егер бәрің оянсаңдар мен ұйықтап алам. 2 сағаттан кейін шығамыз. Оған дейін мені оятпаңдар – осы кезде екі аяғын устел үстіне қойып бетінде қалпақ жабылып шалқайып отырған Бекнұрдың дауысы естілген болатын.
– Тоқта, сен не, Лу Хао заттарды жинап тастағанын білдің бе, және біле тұра үндемей отыра бердің бе???
– Егер ұмытпасаңдар, қаіпсіздік ережесі бойынша қарауылда кем дегенде екі адам қалу керек. Лу Хаомен 2 адам болады. Оның үстіне меннен ешкім ештеңе сұрамады. Ал енді мен ұйықтаймын. Мені 2 сағаттан кейін оятыңдар. Содан кейін 3 минуттан кейін жолға шығамыз. – Бекнұрдың аз сөйлейтініне байланысты оның 32 тіл білетін әлемдегі ең мықты полиглоттардың бірі болуымен қатар денесіне қарап 5 докторлық дәрежесі бар ғаламшардың «миының» бірі деп айтуға болмас.
– М-м-м. Я. Арамыздағы тілдер туралы ғалымымыз сөйлеуді ұнатпайды! Бұл әлемдегі ең үлкен «әзіл» шығар!
Екінші бөлім: Жолға.
Талғар темір жол станциясы; Кіреберіс хол;
Күннің жарық сәулесінде станция алдына қара түсті «Волга» маркалы жеңіл көлік тоқтады. Көліктің нағыз түсі қара түсті болғанымен 4 есіктің біреуі сары түсті. Көлікті айдап отырған Қайрат осы көлікті өз қолымен өзге көліктердің бөлшектерінің көмегімен жөндеп алған. Жыл сайын тек Қазақстанда ғана жоқ – жоқ дегенде кемінде 1000 – нан астап көлік осылай «құрастырылады».
Көліктің сол жақтағы артқы есігі ашылып, ішінен орта жастағы әйел адам түсті. «Жүк тасып береміз», «жүк тасумен көмектесеміз» – станция айналасында арлы – берлі ұшып жүрген сиренасы бар жүк тасығыштар көп.
– Кешірім сұраймын, жүк салғыштағы заттарымды поездға апаруға кім көмектесе көмектесе алады? – өздерің түсінгендей, көліктен түскен адам – Лу Хао.
Лу Хао барлық топтың ішіндегі жалғыз ресми түрдегі тірі мүшесі болғандықтан барлық байланыс, жүріп – тұру, және тағы да басқа күнделікті жұмыстарды тек сол ғана атқара алады. Егер орын ауыстыру керек болса Лу Хао өзінің жасырын «мамандығын», жазушы – саяхатшылықты қолданады, ал команданың қалған мүшесі «жүк» ретінде тасымалданады.
– Әрине. Бірақ алдын – ала ескертеміз, әрбір килограм жүк үшін 12 балл сұраймыз. Әрине, егер қосадқы ақы төлеймін десеңіз бәрін жоғары дәрежеде жасаймыз. – адамдардың ішінен алақ – жұлақ киінген жасы 45 – 50 жыл шамасындағы ер адам келді.
– Қажеті жоқ, жәй ғана апарып берсеңіз болды. – Лу Хао жүк тасушыға ақшасын беріп, есік жаққа қарай жол алды.
Жүк тасығыштардың ішінен бірнешеуі ұшып келді. Олардың барлығында орнатылған таразысы бар. Жүк салғыштан 2 және көліктің үстінгі секциясынан 3 саяхатқа арналған сөмке алынды. Бұндай көп жүктің болуын Лу Хао өзінің мамандығында қолданатын құралының көне дәрежелі жазба машинкасы (неге нақты сондай құрал деп сұраса ондай машинканы бұзып алуға болмайтындығымен түіндіреді) және барлық мағлұматтар мен жазбаша материалдардың қағаз бетінде болуымен түсіндіреді.
Кез – келген пунктерде сияқты олардың кіріп келген странцияда көптеген процесстер мен еңбек күштері автоматизацияланған. Кіре беріс есік өздігінен ашылды. Талондар мен билеттер автоматты түрде арнайы диваистардың көмегіен тексеріледі. Лу Хао өзінің электронды билетін скрибо арқылы тексертті. Бүгінгі таңда скрибо телефондар мен смартфондарды диваистық тақтан «ысырып» тастады.