– Рахмет! – өзге заттарға тиіспес бұрын ең алдымен самсадан ауыз тиіп, кейін қоңырау шырылдағанан кейін орнынан тұрып, қалған тамақты өзімен алып кету үшін арнайы ыдыс сұратып алды.
Бүгінгі күні кафеде барлығы күндегідей болды, тек егер соңғы тапсырысты есептеменде. Бұл тапсырыстың өзге тапсырыстардан ерекше болуы – оған тапсырыс берген Лу Хао. Қарсылық күштерінің өздерінің тыңшыларымен хабарласу үшін өздерінің әдістері бар. Мысалы: жасыл киімдегі тапсырысты әкеліп берген даяршы қыз шын мәнінде Айғаным атты жасырын тыңшы. Әлемде ол сияқтылардың кем дегенде мыңдағаны бар.
Қазіргі заманда кез – келген электронды хабар алмасу өте сенімсіз, тіпті, көзбе – көз сөйлесудің өзі де әңгіменің үшінші құлаққа жетпесіне кепілдік бола алмайды. Сондықтан «босатушылар» хабар алмасудың осындай әдіс ойлап тапты. «Қанжар» жаңа қалаға келме бұрын бұл қалаға «босатушылардың» адамы бірнеше апта алдын – ала келеді.
Даяршының әкелген тамағында «Қанжарға» арналған хаттама, ал науаның астында «босатушыларға» арналған хаттама бар.
Алтыншы бөлім: Хабарлама
– Сонымен, не деп жазған екен? – Ардо алдында отырған Лу Хаодан оқып отырған қағазында не деп жазылғандығын сұрады.
– Біздің ойлағанымыздай екен. 1 аптадан кейін жолға шығуға болады. Вироника, сен бәрін дұрыстап тексердің ғо, я?
– Маған сенсеңдер болады. Мен қашан сендердің сенімдеріңді растамаған едім?! – бөлменің арғы бетінен ашуланған дауыс естілді.
– Түсінемін, сен өз ісіңнің ең жақсы маманысың. Бірақ сақтанғанды құдай сақтайды деген сөз бар. – асханадан пышақтарын қайрап отырған Дэмианның дауысы шықты.
– Сендердің солай айтатындарыңды білген соң 2 күн бұрын бәрін тексеріп қойдым. Уайымдамаңдар, бәрі дұрыс жасап тұр. Олар тіпті біздің желіге кіргенімізді білмей де қалды. – мақтанғанынан Вироника тіпті күліп те жіберді.
– Егер солай десең онда қалғандарымыз дайындала берейік. – пышақтарынан кейін Дэмиан өзінің өзге қаруларының дұрыстығын тексеруге көшті.
Жетінші бөлім: Қала
Алматы қаласы; «BLACK HOUSE» сауда – ойын кешені;
2 – ші қабаттағы жалпы отырыс орындарындағы бір орында бір – бірлеріне арттарымен қарап отырған 4 адамның кейіпі көрінеді. Олар бір – бірлерімен әңгімемен сөйлесіп отырғанын байқауға болады. Осы 4 адамнан сол бағытта 3 устел кейінгі орындықта отырған қатаң қара киімдегі әйел адамның сұлбасын байқауға болады. Ол сыбырлап бірдеңелер айтып отыр:
– Өздерің жоспардан 2 сағатқа ерте келеміз деген. Енді шыдаңдар, жарты сағаттай уақыт қалды. – өздерің түсінгендей әйел адам Лу Хао болып келеді.
– Ешқандай оқыс жағдай болмас үшін деп алдын ала келдік. Бірақ мен әлі түсіне алмаймын, неге саған ғана шығуға болады, ал қалғандарымыз неге тапырық әрі тар көліктің ішінде отыруымызға тура келеді? – Лу Хаоның құлағынан Ардоның дауысы шықты.
– Өйіткені, егер естеріңде болса, сендердің барлығың «өліп қалғансыңдар»!
– Ия, бірақ біздің Вирониканың арқасында ешқандай бейнебақылауға түспейтінімізді білесің ғой! – Ардо өз сөзінен қайтқысы келмеді.
– Бейнебақылаулар – жоқ, адамдар – я. Сондықтар тыныш отырыңдар және шуламаңдар. – Лу Хао да өз сөзінен қайтпады.
– Я, біздің түрімізді бүкіл әлем біледі ғой, тіпті егер түрімізді жасыратын болсақ та кез – келген адам танып алады! – екеуінің арасына өз сөзін Ардо да қосып жіберді.
– Тыныштала аласыңдар ма, мхм мхм, – өзінің отырған орнының артықшылығына байланысты Лу Хао өзіне сол жақтан жақындап келе жатқан адамды байқап үлгерді, – қысқасы, ауыздарыңды жабыңдар!
– Тынышталың, не үшін осында екенімізді ұмытпаңдар! – ұрыстың соңна нүктені Бекнұр қойды.
Бекнұрға топтың ешбір мүшесі қарсы сөз қайтарып айта алмайды. 12 жыл бұрын оны топтың кез – келген мүшесі жекпе – жекте жеңе алар еді, ал қазір керісінше. Оның үстіне Бекнұрдың айналасында өте ауыр «аура» бар, және оны олардың барлығы сезе алады. Ол аура қалған төртеуіндегіден әлде – қайда ауыр, ал біз команданың ішінде Ардо мен Дэмианның бар екендігін, және олардың өз кезінде келімсектердің Жер ғаламшарына «қонаққа» келместен бұрын да сансыз өлім мен өмірдің арасындағы шайқастарға қатысқандықтығын ұмытпауымыз керек.
Алматы қаласының қазіргі күнгі кейіпі өзінің 12 жылғы кейпіне ұқсамайды: жаңа ғимараттар мен географиялық өзгерістер. Егер соғысқа дейін осы ғимарат орналасқан координатасын ортаңғы сақинаға орналастыратын болсақ, қазіргі таңда оны қаланың сыртқы бөлігінде орналасты деп айтуға болады. Қаланың бұрыңғы сыртқы сақинасы өмір сүруге жарамсыз болып келеді: көптеген ғимараттар жартылай немесе толықтай сынған; жер мен ауа әртүрлі химикаттар мен радиационды заттармен уланған; көптеген тиктаникалық плиталары жылжыған, ажыраған, және тұрақты емес болып келеді. Бұндай әсерлердің барлығы соғыс жылдарындағы келімсектердің қалаға шабуылына қарсы қорғаныстың әсерінен болды: шабуылға қарсы тойтарыс беру кезінде орталық пен орта сақинаға қарағанда сыртқы сақина әлде қайда зақымданған, және осы да неге ол жердің әлі күнге дейін өмір сүру ұшін жарамсыз екендігін түсіндіреді.