Выбрать главу

– Сенмен қан төкпеуге – ант беремін.

Ойда тағы бір шешімге келді – бұл оның өміріндегі соңғы анты.

Түрегеліп, қадамдарды естіп қалды. Бұл Жуас екен.

– Мені қуып шаршап кеткен жоқсың ба?

– Ал сен қашып шаршаған жоқсың ба? – күліп, жауап қайтарды.

– Мен қашқан жоқпын, – ызаланғаннан деді Жұлдыз. – Ауада тыныстқым келді.

– Бізде ше, ауа емес, су ма? – ренішсіз сұрады Жуас.

– Сендерде басқа, – селқостанып деді Жұлдыз. – Мен сені қорлауға талпынып тұрған жоқпын, ойлама.

– Мені қорлауға қиын екен, мүмкін емес те айтуға болады. Досың әбден оянды – мен бұны айту үшін келдім.

– Оянды ма? Жақсы. Олай болса мен барайын. Сендер оған жылқыны бересіңдер ғой? Оның аты қашып кетті, бірақ ол қайтарады – соған кепіл боламын.

– Мәселе жылқыларда емес, – құтылып деді Жуас. – Кеңес керек пе? Қал.

– Не үшін?

– Кетсең, оның не айтқанын біле алмайсың. Ал артық білім зиян келтірмейді. Әдетте.

– Біздің не сөйлесу туралы бар екенін қайдан алдың?

– Не, соқырмын ба?

– Олай болса, мен көртышқандай соқырмын, – күңкілдеп деді Жұлдыз.

– Мүмкін солай, – көңілденді Жуас. – Сендер, дала тұрушылар, орманда көзден айырылып, керең болып қаласыңдар – жау келсе де байқамайсыңдар.

Көп уақытта алғашқы рет Жұлдыз күлімсірді де жандағы жарықшағы бітеле бастады.

Саткын шынтақтап төсекте жатты. Жүдеген беті қызарып кетті. Ол жараға тигізіп, білінер-білінбес селк ете түсті. Жылдыздың көлеңкесі оның бетіне түскен кезде, төмен қарады.

– Мен кешіріңді сұрамаймын, – тыныш деді ол.

– Сұрама. Абыройың қазір ғана оянды ма?

– Қазір ғана? – қайталап сұрады Саткын.

– Енді сен өз тайпаның жауының табанды жалауға жүгірген кезде ол табылған жоқ қой.

– Айтпа солай, анда, – бетін тыржитып, деді Саткын.

– Не, солай емес пе? Сен мені саттың – бола берсің. Бірақ сен өз халқың да саттың.

– Олар менің сатқындығымнан күйзелген жоқ.

Жұлдыз көңілсіз күлді.

– Күйзелді ме күйзелген жоқ па әңгіме мынада емес. Сен өзінді бастың, дұшпан жағына өтіп кеттің. Ал енді сен онда ораласың…

Жылдыз одан қашықтап тұрды. Тұлғасы арттағы күн сәулесінен күңгірттенді.

– Мен бұны тілеген жоқпын. – Саткынның дауысы дірілдеді. – Мен Каракчының сен екенін білмедім. – Анда үндемеді де ол жалғастырды: – Ал содан кейін мен сені ұзын жолмен апардым. Мен сұрағанда мойындасаң, мен…

– Бәрібір соны істер едің, – тыныш бітірді Жұлдыз. – Қойшы, анда, мен сені білемін ғой. Менің мойындамайтындығын сен білдің. Өзінің алдында ақталғың келді ғана. Болды.

Саткын жауап қайтарған жоқ. Киіз үйдің жайлы күңгірттігі ауырлады, тас боп оларға асылды. Оған қарамай, түршіктіретін сағынышқа шыдай алмай, Жұлдыз қатар отырды.

– Сен ұмыта аласың ба? – сыбырлап сұрады Саткын.

Дала тұрушылар қайтымы тез адамдар екен. Көп батырлар ұрыстан соң ғана жақсы дос болды. Бірақ қазір сол емес.

– Жоқ, анда. Бір рет жыланды басқан адам тауға баруға абайлайды.

– Мен жыланмын ба? – ащы деді Саткын.

Жылдыз саусақтарын шашқа салды.

– Жылқы құйрықтарын сен кестің, анда, мен емес.

Көшпенділерде жылқы құйрықтарын кесу достықтың аяқталуын білдірді. Саткын бұны білді.

– Олай болса, неге құтқардың мені? – көтеріліңкіреп, қабағын жиырды, кеңсірікте тыртыс пайда болды.

– Айттым ғой мен саған.

– Шындап сұрап отырмын ғой.

Ақырындатып, жай ғана жауап берді:

– Мен ант бердім, анда.

Бұрылмай, Жұлдыз түрегелді.

– Қош бол.

– Қош бол, анда.

Оның соңынан пердесі түскен соң Саткын бетін қолымен басты.

Тоғайдың шетінде Жұлдыз шауып жетіп келген Бүркітке мінді. Жуас соғатын желден бүркеніп тұрды.

– Барлық істегеніне рақмет.

– Біз тағы да көрісеміз. – Жымиып, уәде берді Жуас.

Жұлдыз қыйқулап жіберді де жылқы сіңліне қарай ала жөнелді.

Эпилог

Етік астында еріген қардан қалған шалшықтар шылпылдайды. Жұмсарған мұзды қабат арасынан шөп пен гүлдер өтіп өсті, сирек ағаштарда бүршіктері көктеді. Алаңсыз шырылдауы құстар оралды деген хабарды жайды. Боранды қыс ақырында әлсіреп, көктемге орын берді.

Таулықтардың ауылында Наурызды тойлады. Қатырудан шаршап кеткен жұрт мерекеге қуанып, ойындарды ұйымдастырды. Балуандар жеңіс айқаймен қарсыластарын құлатты, салт аттылар, тымақтарды ұрып жығып, қайқу салды. Бәйгеде шабатын жылқылар дүбірмен зырлап өтіп жүр. Жас ғашық жандар алтыбақанды тұрғызды.

Бір жұп үйлену тойын ұйымдастырды. Дастарқанды қоршап қонақтар, ас-шайды асап жеп та кейде қарқылдап күле бастап, орын-орнына отырды. Қасында балалар ойнап жүр. Ал басында айыққан Саткын мен оның Қарлығаш атты қалындығы отыр.