Аннотация
«Евангелие» сөзі ежелгі грек тілінен аударганда «Ізгі хабар» дегенді білдіреді. Жаңа өсиет кітаптары бізге осы ізгі хабар жайлы - дүние тарихындагы ең үлы оқига - Қүдай Үлының дүниеге келуі және Христостың адамзат баласын күнәдан, ңаргыс пен өлімнен қүтңарганы туралы баяндайды.
Жаңа өсиет мәтіндері Қүткарушының уагыздаган ілімдері туралы, Оның жасаган кереметтері туралы, Оның қүтңарылу азабы мен Крестегі өлімі туралы, өлгеннен соң Кайта тірілуі және Көкке көтерілуі туралы әңгімелейді.
Сонымен қатар, бүл кітаптар қасиетті апостолдар арқылы шынайы сенімнің таралуының бастапқы кезеңі туралы мазмүндайды, Христостың ілімін өмірдегі алуан түрлі жагдайларда қолдануын айқындап береді, апостолдың нүсқаулардың мазмүнды үйлесімін қамтиды және дүниенің соңгы тагдыры мен Корқынышты Сот туралы әңгімелейді.
Ғасырлар бойы адамзат Құдай мен адам туралы, адам өмірінің мәні туралы, Жаратушының адамдарга деген сүйіспеншілігі туралы Інжіл ілімінен асңан асқақ ілім жасай алмады. Інжіл ақиқаттары адамдардың жүрегіне терең бойлап, адам болмысын құдайга үқсайтын кемелдікке жеткізеді. Адамды ерекше рухани биікке көтеретін осындай гажайып, қасиетті идеалды тек Құдай гана бере алар еді.
Қасиетті Жазба, Киелі кітап - Әлемнің Иесі, Аспан мен жердің Жаратушысы - Иеміздің бізге арнаган жанды сөзі.
Бұл ұлы кітапты мүмкіндігінше жиі оңып, оның даналыгын басты назарга алган жөн.
Кітапты Қазақ митрополитінің сайтында сілтеме бойынша еркін алуға болады
Файлы книги доступны на облаке по ссылке
Комментарии к книге "Жаңа Өсиет"